Ел тынысы

Елордалық таеквондошы жеңісі

Астана қаласының таеквондошы Айым Серікбаева (-44 кг) жастар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ташкентте өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалында ол Понсе Нуньес Дара Ширлиді (Мексика) 2:0 есебімен жеңді.

Осылайша, араға 20 жыл салып Айым Серікбаева Қазақстанға жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын медалін сыйлады. Бұған дейін таеквондодан Қазақстан жастар құрамасы соңғы рет алтын медальді 2006 жылы жеңіп алған.

Сонымен қатар, жас таеквондошы Айым Серікбаеваның Азия чемпионы және жастар Азия ойындарының жеңімпазы атағына әлем чемпионы титулы қосылды.

Айта кетерлігі, Ташкентте таеквондодан (WT) жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Әлем біріншілігі 17 сәуірге дейін жалғасады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button