Елорда тынысы

Ұлы дала бойындағы сенбілік…

Сенбінің таңы арайлап атып, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасын тапты. Астанадағы Ұлы дала көшесі бойы мен Нұра-Есіл каналының жағасы қоқыстан арылды. Жалпықалалық сенбілікті Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы ұйымдастырды. Тазалық жұмысына Ұлттық банктің және екінші деңгейдегі банктердің қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
«Таза Қазақстан» акциясы басталғалы қала тұрғындарының ұйымшылдығы сезіледі. Себебі, тазалыққа бей-жай қарамайтын елордалықтар елдің жүрегі — Астананы абаттандыруға оның үнемі таза болуына өз үлестерін қосып келеді. Бүгінгі шара соның дәлелі. Айталық бүгінгі сенбілікке 500-ден аса адам жұмылды.
«Біз осы «ТазаҚазақстан» акциясы арқылы табиғатқа қамқорлық жасау әркімнің міндеті екенін көрсеткіміз келеді. Біздің мақсатымыз — азаматтар арасындағы тазалық үшін жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру еді. Соның дәлелі ретінде сенбілікке атсалысып жатырмыз, — деді Астана филиалы Даму қоры директорының орынбасары Айбек Кәрімов.
Астана аспанының астында тазалық жұмысына жан салған банк қызметкерлері «Таза Қазақстан» туын символдық түрде бір-бірлеріне табыс етті.
— «Тазалық — денсаулық кепілі». «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өткіздік. Бүгінгі шараға біздің банктер мен кәсіпкерлер қатысты. Ұлы дала бойының тазалығына жауапты болдық. Сонымен қатар еліміздің және қаламыздың тазалығы мен экологиясы үшін ортақ жауапкершілік ретінде «Таза Қазақстан» туын басқа банктерге тапсырдық. Бұл тазалыққа жауапты болуымыздың белгісі, – деді Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қуандық Құрмашев.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button