Әлеумет

Елордалық зейнеткерлер ұлттық киімдердің көрінісін өткізді

Наурызнама онкүндігіне орай елордадағы Сарайшық ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері ұлттық киімдердің көрінісін өткізді. Орталықтың домбырашылар ансамблі қала тұрғындары үшін мерекелік концерт ұйымдастырды.

Іс-шара 18-наурыз – Ұлттық киім күніне орай жоспарланды. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының бастамасымен Астана қаласының 6 ауданында Ұлттық киім күніне арналған 10-ға жуық мәдени іс-шара өтіп, оған барлық өнер ұжымы жұмылдырылды.

– Жалпы Наурызнама онкүндігіне арнап, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы 40-қа жуық түрлі мәдени және танымдық іс-шаралар ұйымдастырады. Негізгі мақсат – мерекені ерекше есте қалдыру, ұлттық құндылықты барынша насихаттап, ұрпақтар сабақтастығын нығайту..  «Damu mall» сауда орталығында ақ жаулықты әжелеріміз ұлттық киімдердің көрінісін көрсету арқылы мәдениетіміз бен дәстүріміздің озық екенін қатар паш етті. Ал өнерлі зейнеткерлерден құрылған «Шабыт» домбырашылар ансамблі ән мен күйден шашу шашты, – деді Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының әлеуметтік қызметтерді ақпараттық ілгерілету бөлімінің басшысы Меруерт Нұрғалиева.

Сондай-ақ Ұлттық киім күні Байқоңыр ауданының ісмер әжелері қазақтың ұлттық киімін тігуден шеберелік сабағын өткізсе, Сарыарқа ауданының  «Кербез models» тобы сән көрсетілімін ұйымдастырды.

Индира Бержанова

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button