Қала мен сала

«Жас журналист – 2026» қалалық байқауы өтеді

Астана қаласы әкімдігінің әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен «Әр мектепте – медиаорталық» республикалық жобасы аясында 4–11 сынып оқушылары арасында «Жас журналист – 2026» қалалық байқауы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Байқауға қатысушылар еркін тақырыпта бейнесюжеттер,фоторепортаж,сұхбаттар мен подкаст блогтарын түсіріп 22 наурызға дейін жетекшілерімен ai-bala-fest@bk.ru электрондық  поштасына жолдай алады.

Байқау қорытындысы 2026 жылғы 27 наурыз күні сағат 10:00-де Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өтетін «AI-BALA» II медиафестивалінде жарияланады.

Фестиваль бағдарламасы аясында байқаудың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады.
Жеңімпаздарға I, II, III дәрежелі дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады.
Сонымен қатар үздік жұмыстар республикалық «i-BALA» журналында жарияланады. Жеңімпаздардың жұмыстары «Балапан» телеарнасында көрсетіліп, қатысушыларға бұқаралық ақпарат құралдарының редакторларымен сұхбат алу мүмкіндігі ұсынылады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button