Әлеумет

Батагөйлер сайысқа түсті

Астанада «Ауыл» партиясы Астана қалалық филиалының мұрындық болуымен «Батамен ел көгерер» қалалық батагөйлер сайысы өтті. Шараға партия ардагерлері, қала тұрғындары мен Жастар қанатының өкілдері қатысты.

Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған сайысқа отызға тарта ақсақал қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

— Әр жыл сайын батагөйлердің республикалық сайысы өтеді. «Батамен ел көгерер -2026» сайысының қорытынды шарасы өткізіліп отыр. Биылғы ерекшелігі былтырмен салыстырғанда қатысушылардың санының артуы. Қариялардың жыл санап сайысқа деген қызығушылығы мен белсенділігі басым. Арнайы жеңімспаздарға қаржылай сыйлық ұсынбақпыз. Бірінші орынға 100 мың, екінші орынға 70 мың, үшінші орынға 50 мың теңге және арнайы ынталандыру сыйлықтары бар. Бұл жерден жеңімпаз атанғандар республикалық сайысқа қатысады, -деді «Ауыл» партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Ұлан Әбдіханов.

Шара ұлттық мұраны насихаттап, құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

Асантемір ҚАРШЫҒАҰЛЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button