Ел тынысыСаясат

Елордалықтардың белсенділігі жоғары болды

Бүгін 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша референдум өтті. Астанада 400-ден астам сайлау учаскелері ашылып, сол орындарда азаматтар таңдауын жасады.

Референдумның мәні — жаңа Конституцияны қабылдау. Бұл құжат Қазақстанның болашағын айқындайтын маңызды қадам.

Референдум бойынша елдегі сайлау учаскелері: саны — 10 388. Тіркелген сайлаушылар — 12 461 796 адам. Шетелдегі учаскелер — 71, олар 54 елде орналасты.

Астанада референдумға азаматтар белсенді түрде қатысты. Көптеген адамдар өз таңдауын жасау үшін сайлау учаскелеріне келді. Кәрі-жас демей, барлығы өз дауысын берді. Осылайша таңғы сағат 7.00-ден басталған референдум кешкі сағат 20.00-де аяқталды.

Арсланбек Мағзұм, 

Астана қалалық мәслихатының депутаты 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button