Ел тынысыСаясат

Жанат Әскербекқызы:  Ғылымға көңіл бөлген ел озады

№1 сайлау учаскесінде ақын, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жанат Әскербекқызы референдумға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ол жаңа Конституциядағы білім саласына қатысты нормалардың маңыздылығына тоқталып, білім мен ғылымды дамыту – ел болашағының басты кепілі екенін атап өтті.

Профессордың айтуынша, Ата заңда білім беру саласына ерекше мән берілуі қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыруға және жас ұрпақтың сапалы білім алуына мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде елдің тұрақты дамуына, ғылым мен білімнің өркендеуіне негіз болмақ.

Жанат Әскербекқызы референдум – мемлекет дамуының маңызды кезеңі екенін айтып, әрбір азаматтың ел болашағына бейжай қарамай, өз таңдауын жасауын азаматтық жауапкершіліктің көрінісі ретінде бағалады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button