Ел тынысыСаясат

Central Asia Pipes ұжымымен кездесті

Астана қаласында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының Астана қалалық филиалының өкілдері Central Asia Pipes компаниясының ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесуге Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, Экология мәселелері жөніндегі кеңес төрағасы Елдос Абақанов, Гүлдарина Нұрмағанбет және басқа да мамандар қатысты.

Central Asia Pipes – өнеркәсіптік құбыр өнімдерін өндіру және жеткізу саласында жұмыс істейтін заманауи өндірістік компания. Кәсіпорын өндірістік технологияларды жетілдіруге, сапа стандарттарын сақтауға және отандық өндірісті дамытуға ерекше мән береді.

Кездесу барысында конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, экологиялық саясатты дамыту және кәсіпкерлікті қолдауды күшейту мәселелері түсіндірілді. Әсіресе табиғатты қорғау, өндірістік кәсіпорындардың экологиялық жауапкершілігін арттыру және тұрақты даму қағидаттарын енгізу жайы сөз болды.

«Конституциялық реформалар елдің орнықты дамуына бағытталған. Өндіріс орындары экологиялық талаптарды сақтай отырып жұмыс істеуі тиіс. Табиғатты қорғау – тек мемлекеттік органдардың емес, барлық кәсіпорындардың ортақ міндеті», – деп атап өтті Елдос Абақанов.

Кездесу барысында кәсіпкерлерді қолдау, әкімшілік кедергілерді азайту, инвестициялық ахуалды жақсарту және өнеркәсіп саласын дамыту мәселелері талқыланды. Қатысушылар өндірістік кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуі үшін құқықтық және экономикалық жағдайларды жетілдіру бойынша ұсыныстарын білдірді.

Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасып, конституциялық реформалардың мәні мен маңызын түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button