Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылауға арналған кездесу өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев, Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысы Құндызбек Әбдірасылов пен қызметкерлері қатысты. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда көтерген конституциялық бастамалары мен оларды республикалық референдумға шығару мәселелері аясында ұйымдастырылды.
М. Ергешбаев мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, билік тармақтарының теңгерімін нығайтуға, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге бағытталған өзгерістерге кеңінен тоқталды. Сонымен қатар ұсынылып отырған бастамалардың қоғам мен мемлекет дамуы үшін маңыздылығы атап өтілді. Ашық форматта өткен кездесу пікір алмасуға және ұсыныстар білдіруге мүмкіндік берді. Қатысушылар конституциялық жаңғыру елдің орнықты дамуына бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті. Жиын Ата Заңды жаңарту үдерісіне белсенді қатысу және өз ұстанымын білдіру әр азаматтың ортақ жауапкершлігінің көрінісі деп қорытындыланды.



