Ел тынысыҚұқық

Заң ортақ, тәртіп бірдей

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында елордалық полицейлер қалалық прокуратурамен бірлесіп, Astana Polytechnic білім алушыларына дәріс өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жол қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға бағытталған маңызды профилактикалық іс-шараға Астана қаласы прокуратурасы басқармасының прокуроры Ақжол Шалқарұлы, Астана қаласы Полиция департаментінің Әкімшілік практика басқармасының инспекторы Аружан Зекен, Қызыл Жарты Ай Қазақстан қорының өкілі Мұрат Атамұратов қатысты.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қатысушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар жолдағы жеке жауапкершілік пен мұқияттылықтың рөлі, қоғамдағы мінез-құлық мәдениетінің маңыздылығын атап өтті.

— Студенттерге заң мен тәртіп қағидаты жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жастар өздерін қалай ұстау керектігі, олардың құқықтық сауаттылықты білу негіздерін айтып бердік. Жол қауіпсіздігі бойынша толық ақпарат беріліп, бейнематериалдар ұсынылды, -деді Астана қаласы прокуратурасы басқармасының прокуроры Ақжол Шалқарұлы.

Іс-шараға Қызыл Жарты Ай Қазақстан қорының өкілдері қатысып, алғашқы медициналық көмек көрсетудің базалық дағдыларын және төтенше жағдайларда әрекет ету алгоритмдерін көрсетті.
Шара барысында жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері айтылды. Жол қозғалысына қатысушылардың жиі жіберетін қателіктері көрсетілді. Жаяу жүргіншілер мен жолаушылар үшін қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары жан-жақты қарастырылды.

Асантемір ҚАРШЫҒАҰЛЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button