Елорда тынысы

Замандастар концерті

Бүгін Астананың Сарайшық ауданында «Нұра әуендері» ансамблінің өнерпаздары замандастарына арналған әсерлі ән кешін өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Өнер кешінде қазақ музыкасының алтын қорына енген Абайдың әндерімен қатар «16 қыз», «Мен туралы ойладың ба, бақтарда?», «Сезім сыры», «Шөжелерім» сынды жүрекке жақын ретро әндер орындалды.
Кеш барысында ансамбль мүшелерінің орындаушылық шеберлігі көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Әсіресе, ансамбль музыканты Жабай Қалиевтің музыкалық аспапта шебер орындауы көпшілікті тәнті етіп, ерекше әсер сыйлады.

Күлән Қарабайқызы жетекшілік ететін өнер ұжымының құрамында бүгінде 28 өнерлі ата-әже бар. Ансамбльдің ән қоржынында 30-дан астам шығарма жинақталған. Осындай мазмұнды кештер арқылы өнерпаздар ұлттық ән өнерін насихаттап, көрерменге рухани серпіліс сыйлап келеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button