Қала мен сала

Сарыарқа ауданында инфрақұрылым қалай дамуда?

Сарыарқа ауданында инфрақұрылымды кешенді дамыту бойынша жоспарлар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Осы ретте аудан әкімдігінде ағымдағы жұмыстар мен алдағы кезеңге арналған басым бағыттар талқыланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Аталған аудан әкімі Жанасыл Шаукентаевтың айтуынша, 2026 жылы 12 көшеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, тұрғын алаптардағы 6 көшеде жаңа жаяу жүргіншілер жолдары салынып, бұл тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

-Сонымен қатар, 7 мекенжай бойынша жолдардың күрделі құрылысы жүргізілуде. Жұмыстар кешенді сипатта болып, инженерлік және коммуникациялық желілерді тартуды, сондай-ақ тротуарлар салуды қамтиды. Негізгі нысандар қатарында «Жасыл ел» шағынауданы, Құмсуат және Шарын көшелері бар. Қоғамдық көлік инфрақұрылымына да ерекше көңіл бөлінуде. Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында қосымша 10 жылы аялдама павильоны орнату жоспарлануда. Қазіргі таңда аудан аумағында 85 аялдама жұмыс істеп тұр. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жалғасуда. 2025 жылы 2000 камера орнатылса, биыл қосымша тағы шамамен 200 камера орнату көзделіп отыр, — дейді әкім.

Бұған қоса ауданда 11 әлеуметтік нысанның құрылысы жалғасуда. Атап айтқанда, Көктал тұрғын алабында перинаталдық орталық, көпсалалы қалалық аурухана және Оқушылар сарайы жобалары жүзеге асырылуда. Сарыарқа ауданы қаланың тарихи аудандарының бірі болғандықтан, саяжай алқаптарын реновациялауға ерекше назар аударылуда. «Поляна» ПК аумағында жеке инвестор шамамен 20 гектар жер телімін игеру жұмыстарын жүргізуде. Бұдан бөлек, «Зелёная роща-1,2» саяжай алқаптарында да жұмыстар жалғасып, мұнда 250-ден астам жер телімін игеру жоспарлануда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button