Елорда тынысы

Ақылды қала – Астана

Ел ордасы Астана  әлемнің 50 ақылды қаласының қатарына енді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Smart Centres Index 2025 (SCI 11) ғаламдық индексінде 46-орынға тұрақтаған Астана бірден алты орын алға жылжыған. Аталған рейтингке сәйкес  ақылды қалалар ішінде әлемдік көшбасшы Сан-Франциско қаласы болды. Екінші және үшінші орындарды Цюриху және Лондон қалалары өзара еншіледі. Бұл рейтингте төртінші орында Оксфорд қаласы болса, одан кейінгі кезекте Нью-Йорк қаласы орын алып, үздік бестікті аяқтайды.

Ал елуліктер қатарынан көрінген Қазақстан астанасы бұл рейтингте Прага, Варшава, Будапешт, Мәскеу және басқа да көптеген қалаларды артта қалдырды.

“AIFC Insights” халықаралық қаржы талдау орталығының деректері бойынша Астананың алға озуының басты себебі – цифрлық инфрақұрылымның дамуы және G42 (Presight AI) холдингімен бірге Smart City Astana платформасының енгізілуі болған. Бұл жобалар қалалық желілердегі жүктемеге болжам жасап, қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button