Құқық

«Заң мамандықтары» тақырыбында танымдық іс-шара өтті

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Астанада Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназияда «Әділет мектебі» жобасының жоспарына сәйкес «Заң мамандықтары» тақырыбында танымдық іс-шара өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң саласындағы мамандықтармен таныстыру және жасөспірімдердің азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.

Кездесуге Нұра ауданы полиция департаментінің өкілдері, қалалық Білім басқармасының маманы, Астана қаласы прокуратурасының өкілі, сол сияқты Әкелер кеңесінің төрағасы қатысты.

Спикерлер іс-шара барысында заң саласындағы мамандықтардың ерекшеліктері, құқықтық тәртіпті сақтаудың маңызы, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ ата-ананың тәрбиедегі рөлі туралы маңызды тақырыптарды қозғап өтті.

Іс-шараға 1-11 сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойып, сала мамандарының кәсіби жауаптарына қанық болды.

Аталған іс-шара оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, болашақ мамандықты саналы таңдауға және қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button