Білім

Биыл Астанада 13 мектеп салынады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордада салынып жатқан мектептердің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Әкімнің айтуынша, білім беру нысандарын салу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Соңғы жылдары елордада 109 мың оқушы орнына есептелген екі ауысымды 44 мектеп салынып, пайдалануға берілді. Оның ішінде 23 мектеп Мемлекет басшысының «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерді. Алдыңғы оқу жылында рекордты көлемде мектеп салынды: 64 мың оқушы орнына арнап 25 білім беру мекемесі пайдалануға берілген.

-Биылғы оқу жылының басынан бастап тағы 9 мектеп ашылды. 2026 жылы тағы 13 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Бірқатар білім беру нысанының құрылысымен таныстым. Сол сияқты мектептерді салу барысында аумағын абаттандыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. 2027 жылға арнап дайындық жұмысын қатар жүргізіп жатырмыз: жалпы сыйымдылығы 40 мың оқушыны (екі ауысымды) қамтитын 16 мемлекеттік мектеп бойынша жобалау және қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу қолға алынды. Бұдан бөлек, 10 мың оқушыға арналған 10 жекеменшік мектептің құжаттары дайындалып жатыр. Бас жоспарға сәйкес, 2035 жылға дейін қалада 138 жаңа мектеп салу көзделіп отыр, — деді әкім.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button