Ел тынысы

Қазақстанда 2,9 млн тонна картоп жиналды

2025 жылы картоптың жалпы өнімі 2,9 миллион тоннаға жетті, ал мақта өнімі шамамен 430 мың тоннаны құрады. Бұл – соңғы 18 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Мұндай ақпаратты Үкіметтің қорытынды баспасөз мәслихаттары аясында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Министр майлы дақылдар мен бұршақ дақылдарын өсімнің негізгі өзегі деп атады. Бұршақ дақылдарынан 1,1 млн тоннадан астам рекордтық өнімі алынды, оның ішінде: жасымық – 842 мың, бұршақ – 222 мың, ноқат – 22 мың тонна. Майлы дақылдардың өнімі 4,8 млн тоннаны құрады (күнбағыс – 2,3 млн тонна, зығыр – 1,4 млн тонна, рапс – 522 мың тонна).

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолға алынған әртараптандыру жұмыстарын одан әрі жалғастырамыз. Бұл ауыспалы егісті дұрыс ұйымдастыруға, топырақ құнарлылығын сақтауға және фермерлер үшін тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Айдарбек Сапаров.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button