Қоғам

Интеллектуалдық жобаның жартылай финалы басталды

Хабар телеарнасының 30 жылдығына орай қайта жаңғырған «Азамат» интеллектуалды жобасының жартылай финалы басталды.

Жаңғырған жоба – еліміздегі зияткерлік мәдениеттің жаңа кезеңге қадам басқанын білдіретін маңызды бастама. «Азамат» студенттерді қоғам мәселелерін терең түсінуге, жауапкершілік сезімін күшейтуге, өз көзқарасын дәлелдеп қорғауға үйретуді көздейді. Жобаның түпкі мақсаты – пікірсайыс мәдениеті арқылы ойлы, ел тағдырына бей-жай қарамайтын жаңа буынды қалыптастыру.

Жартылай финалға төмендегі төрт жоғары оқу орны үздік нәтижесімен жолдама алды:
• Халықаралық Кенжеғали Сағадиев атындағы Бизнес университеті
• Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
• Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
• Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Тартысты додада командалар ел дамуы, әлеуметтік бастамалар, экономикалық тұрақтылық және қоғамдық құндылықтар жөніндегі өз көзқарастарын дәлелдеп, финал жолдамасы үшін бақ сынауда.

«Азамат» жобасының қайта жандануы ерекше мәнге ие. Кезінде осы алаңда шыңдалған алғашқы қатысушылар бүгінде – мемлекеттік органдарда, бизнес саласында, министрліктер мен үлкен компаниялардың топ-менеджментінде ел үшін еңбек етіп жүрген тұлғалар. Бағдарламаның жаңа буыны да дәл осындай көшбасшыларды қалыптастыруға бағытталған.
Енді бір сұрақ көпшілікті ойландырады: қай команда алғашқы чемпион атанады? Бұл сауалдың жауабы алдағы финалда белгілі болмақ.

Аталған жобаны жүзеге асыруға ҚР Парламенті Мәжілісі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрлігі қолдау білдірген.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button