Денсаулық

Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық 11%-ға төмендеді

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде туберкулезбен күрес жөніндегі көрсеткіштер ұсынылды.

Елде сырқаттанушылықтың одан әрі төмендеуі байқалады: биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша тыныс алу ағзаларының туберкулезімен сырқаттану деңгейі 10,8%-ға азайды.

Ерте анықтауды күшейту мақсатында алғаш рет ЖЫБНК үшін бонустық ынталандыру жүйесі енгізілді: медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының қызметкерлері туберкулез бен онкологиялық ауруларды анықтағаны үшін 5 АЕК-ке дейін бонус ала алады — төлемдер бір тоқсанда 2 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін. Бұл шара мамандарды ауруларды ерте кезеңде анықтауға ынталандыруға бағытталған.👀

Профилактика жүйесі негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді. Бүгінде фтизиопульмонология орталықтарында шамамен 81 мыңға жуық байланыста болған адам есепте тұр. Жоғары қауіп тобын флюорографиялық зерттеп-қарау жоспары 97,5%-ға, міндетті контингентті зерттеп-қарау 96,3%-ға орындалды. Республика бойынша 26 фтизиопульмонология орталығы жұмыс істейді, 2169 қақырық жинау пункті бар, 3523 төсек орны ашылған.
2025 жылы туберкулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігін және нормативтердің сақталуын бағалау үшін 2233 тексеру жүргізілді.

А. Әлназарова сырқаттанушылқықты одан әрі төмендету профилактиканы күшейту, қызметті жаңғырту және қаржыландыруды жетілдіру арқылы ғана мүмкін болатынын атап өтті.📌

Министрдің тапсырмалары:

● туберкулезге қарсы іс-шараларды қаржыландыру тәсілдерін қайта қарап, профилактика мен ерте анықтауға басымдық беру;
● Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығына және салалық бөлімшелерге қызмет құрылымына талдау жүргізіп, 2026–2028 жылдарға арналған қызметті жаңғырту және туберкулезбен күрес жөніндегі Жол картасын әзірлеу;
● өңірлік денсаулық сақтау басқармаларына — аурушаңдық жағдайын ерекше бақылауға алып, профилактикалық іс-шаралардың жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз ету.🔷

Денсаулық сақтау министрлігі халыққа уақтылы диагностика мен сапалы ем көрсетуді қамтамасыз ету үшін туберкулезді бақылау жүйесін одан әрі күшейтуді жалғастырады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button