Қоғам

Астананың креативтік индустриясы қалай дамуда?

Қалалық Қоғамдық кеңес пен «Белсенді Азамат» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен және Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Астананың креативтік индустриясы және экономикасы: кадрлар, экожүйе және даму қадамдары» тақырыбында диалог алаңы өтті. Іс-шараның мақсаты — креативтік индустрияны жаңа экономиканың қозғаушы күші ретінде дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік органдарды, креативті кәсіпкерлерді, білім беру ұйымдарын, сарапшыларды және даму институттарын бір алаңға жинау, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бүгінде елордада креативтік экономика қарқынды дамып келеді. Жаңа хабтардың, шығармашылық кластерлердің және тәуелсіз алаңдардың қалыптасуы адами капиталдың өсуіне және қаланың заманауи келбетінің нығаюына ықпал етуде. Қоғамдық кеңес өткізген пікірталастар барысында кадр дайындау, жас мамандарды қолдау, инфрақұрылымды дамыту және мемлекет пен қоғам арасындағы әріптестікті кеңейту мәселелері бірнеше рет көтерілген болатын.

Бұл жолғы диалог алаңы саланың қазіргі жағдайын талқылауға, өзекті мәселелерді анықтауға, өсу нүктелерін белгілеуге және Астана үшін пайдалы халықаралық тәжірибелерді қарастыруға мүмкіндік берді. Оған мемлекеттік органдардың, даму институттарының, креативтік хабтардың, білім беру ұйымдарының, салалық қауымдастықтардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ адами капитал, мәдениет, инновациялар және қалалық даму бағыттарында жұмыс істейтін қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты. Жиында олар креативтік индустриялардың қалалық экожүйесі, кадрлық әлеует, білім беру және кәсіби дайындық, инфрақұрылым, хабтар және кластерлер, мемлекеттік және жеке қолдау шаралары, халықаралық тәжірибе және оны бейімдеу мүмкіндіктері, мемлекет пен қоғам арасындағы әріптестік мәселелерін талқылады.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе Астананың креативтік-экономикалық даму жағдайы, оған әсер ететін негізгі өзгерістер, үрдістер және соңғы нәтижелерін талқылау туралы болды. Бұл тақырыпта Мәдениет және ақпарат министрлігінің креативтік индустрия департаментінің директоры Әйгерім Жонкина сөз сөйледі. Мемлекет басшысы 2021 жылдан бастап Жолдауларында осы сектордың ел экономикасындағы үлесін арттыруды бірнеше рет атап өткен. 2024 жылы Қазақстанның креативтік индустриясын дамытуға арналған тұрақты экожүйені құру бойынша қарқынды жұмыстар басталды. Ал осы жылы 10 қаңтарда саланы дамыту боййынша нормаларды қарастыратын заңға қол қойылды.

-Бүгінде еліміздің креативтік индустриясы 12 бағытта көрініс табуда. Осы саладағы тіркелген субъектілер саны 46 мыңнан асады. Олардың жартысынан астамы Астана мен Алматыда орналасқан, оның 70 пайызы – жеке кәсіпкерлер. Жалпы алғанда Қазақстанның креативтік секторында 146 мың адам жұмыс істейді. Әсіресе, ІТ, сәулет, сән, мәдени демалыс орындары, кітапханалар, музейлер қатты дамуда, — деді департамент директоры.

Екінші мәселе креативтік индустриялар үшін қалалық экожүйе тақырыбы бойынша қатысушылар хабтар мен шығармашылық кеңістіктердің, білім беру бастамаларының, қалалық бағдарламалардың және бизнес-қоғамдастықтардың креативтік жобалары мен мамандарды дамытудағы рөлі талқыланды. Сонымен қатар кадрлар даярлығы және саланы дамытуға арналған қадамдар туралы сөз болды.

Райхан Рахметова

Фото: Василий Крась

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button