Құқық
Студенттерге дәріс оқыды

«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Астана қаласы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы қызметкерлері елордадағы ЖОО-нда дәріс өткізуді жалғастыруда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Атап айтқанда, басқарма қызметкерлері Данияр Разьянов және Саламат Нұрмұханбет Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарға, дропперлік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу” тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс барысында есірткі қылмысына қарсы күрестің өзекті мәселелері талқыланып, алдын алу шаралары қарастырылды. Сонымен қатар студенттердің сұрақтарына қарай қолданыстағы заңнамаға түсіндірме беріліп, сот тәжірибесіндегі мысалдар келтірілді.



