Қоғам

Бір минутта кубик рубик жинайтын ақылды робот жасап шығарды

Астана қаласындағы Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Шахназар Камалов бір минут ішінде «Кубик Рубикті» толықтай автоматты түрде жинай алатын ақылды робот жобасын көпшілікке таныстырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жоба LEGO Mindstorms EV3 конструкторы негізінде құрастырылған. Роботтың басты міндеті – күрделі логикалық тапсырма ретінде танылған Кубик Рубикті жылдам әрі дәл жинау. Арнайы сенсорлар кубиктің әр қырын сканерлеп, түстерді анықтайды. Алынған ақпаратты талдау нәтижесінде робот ең тиімді алгоритмді таңдап, жинау процесін орындап шығады.

Бағдарламалау EV3 Classroom платформасында Python тілінде жүзеге асырылған. Бұл оқушыға алгоритмдік ойлау дағдыларын дамытуға, инженерлік есептерді шешуге, сондай-ақ робот қозғалысының әр бұрышы мен айналуын дәлдікпен басқаруға мүмкіндік берген.

Қазіргі таңда робототехника – жасанды интеллект пен инженерия тоғысқан, қарқынды дамып келе жатқан маңызды бағыттардың бірі. Осындай жобалар оқушылардың техникалық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық қабілетін шыңдап, ғылым мен технологияға деген қызығушылығын күшейтеді.

Шахназардың жұмысы – жас талаптың табандылығы мен ізденісінің айқын көрінісі. Жоба оның бағдарламалау мен техникалық модельдеуге деген қызығушылығын арттырып, логикалық әрі аналитикалық ойлауын дамытуға үлкен үлес қосты. Болашақта бұл роботты әрі қарай жетілдіру арқылы оқушының жаңа, одан да күрделі механизмдер жасауға мүмкіндігі зор.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button