Қоғам

«Тaza Qazaqstan»: елордалық студенттермен экокездесу өтті

Елордадағы жоғары оқу орындарында – «Тұран-Астана» университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған кездесу өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шара ауқымды республикалық «Тaza Qazaqstan» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылып, оны елорданың Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен қалалық экохаб бірлесе өткізді. Мақсат – жастар арасында экологиялық сананы қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапты көзқарасты дамыту және студенттерді экобастамаларға тарту.

Кездесу барысында студенттер пластик қалдықтарын жинауға қатысты. Бұл бастама қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін насихаттап, студенттік ортада экологиялық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жастардың экологиялық ойлауын дамытуға және табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button