Қоғам
Командалық сынақта екінші орын иеленді
Бұл күндері Алматы қаласында спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Бүгін боулдеринг бағдарламасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.
Бұл сында додаға әр аймақтан 64 қатысушы (36 ер, 28 әйел спортшы) тіркелді.
Чемпионатта спортшылар жоғары шеберлік пен дайындықтарын көрсетіп, тартысты бәсеке өрбіді.
Қорытындысы төмендегідей:
Командалық нәтиже
Алматы қ. — 268 ұпай
Астана — 221 ұпай
Шымкент — 177 ұпай
Ерлер
Матвей Есипов (Алматы қ.)
Глеб Семьёшкин (Алматы обл)
Алексей Панфилов (Шымкент
Әйелдер
Зарина Агылманова (Астана)
Виктория Адаменко (Алматы қ.)
Вера Ким (Астана)
Айта кетейік, ел біріншілігі 17 мамырға дейін жалғасады.


