Мәслихат
Депутаттар аудан әкімдерінің есептерін тыңдауды бастады

Қалалық мәслихаттың депутаттары жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкі нәтижелері жөнінде аудан әкімдерінің есептерін тыңдауға арналған көшпелі отырыстарын бастады, деп хабарлады astana-akshamy.kz
Алғашқы отырыс «Алматы» ауданында өтті. Онда ағымдағы жобалардың іске асырылу нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар жан-жақты талқыланды.
Депутаттардың негізгі назарында – бюджет қаражатының тиімді игерілуі, әлеуметтік маңызы бар бастамалардың орындалуы, сондай-ақ қаланың инфрақұрылымын дамыту мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бағдарламалардың сапасы болды.