Халықаралық зергерлік көрме-жәрмеңкесі өтті

Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің кәсіпкерлерінің қатысуымен көрме-жәрмеңке іс-шарасы форматында халықаралық зергерлік көрме өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Іс-шара аясында зергерлік бұйымдарды, сондай-ақ сәндік-қолданбалы өнер өнімдерін көрсету және сату ұйымдастырылды.
Көрме-жәрмеңке саудасын өткізудің ерекшелігі қолданыстағы салық заңнамасының нормаларын сақтау бойынша талаптар белгіленген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 174 бұйрығымен регламенттеледі.
Осыған байланысты, салық заңнамасын сақтау, ЕАЭО шеңберінде тауарлардың өткізілуін есепке алу және бақылау тәртібі, сондай-ақ кәсіпкерлердің салық мәдениетін арттыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті осы іс-шараға қызметкерлердің қатысуын қамтамасыз етті.
Жүргізілген жұмыс кәсіпкерлік қоғамдастықпен өзара іс-қимылды нығайтуға, қатысушылардың құқықтық хабардар болу деңгейін арттыруға және салық заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етті.