Мәслихат

Магистранттармен жүздесті

Астана қалалық мәслихатының депутаттары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магис­транттарымен кездесті. Кездесу барысында депутаттар өз қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді.

Атап айтқанда, мәслихаттың сессияларында және тұрақты комиссиялардың отырыстарында шешімдердің қалай әзірленіп, қабылданатыны, атқарушы органдармен өзара іс-қимыл қалай жүзеге асырылатыны, азаматтарды қабылдау кезінде қала тұрғындарын толғандыратын қандай мәселелер жиі көтерілетіні сөз болды. Сондай-ақ қалалық инфрақұрылымды дамытуға, жастар мен кәсіпкерлікті қолдауға, әлеуметтік салаға бағытталған жобалар мен бастамалар туралы да айтылды.

«Мәслихат – халық пен билік арасындағы алтын көпір. Ондағы әрбір шешім қаланың дамуына, инфрақұрылымына және тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер етеді.

Академияда оқу депутаттық қызметімді тереңірек түсінуге, мемлекеттік басқарудың заманауи тәсілдерін меңгеруге және осы тәжірибемен болашақ көшбасшылармен бөлісуге мүмкіндік береді» деді Академия магистранты, Астана қалалық мәслихатының депутаты Ғабит Тәжімұратов.

Магистранттар кездесуде талқыланған тақырыптарға үлкен қызығушылық танытып, шешім қабылдау тетіктері, депутаттардың қызметінің ашықтығы, сондай-ақ Президенттің Жолдауын және ұлттық реформаларды іске асырудағы жергілікті өкілді органдардың рөлі жөнінде өзекті сұрақтар қойды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button