Қала мен сала
Сарайшық ауданында 500 ағаш отырғызылды

Елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экология акциясы жалғасуда.
Осыған орай Сарайшық ауданында ардагерлер, жастар, мәслихат депутаттары, “Жас Қыран” ұйымының мүшелері, белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері, филармония қызметкерлері сенбілік жасады.
Сенбілік аясвнда Сарайшық ауданында 500-ден аса ағаш отырғызылды.
-Жалпы, экологиялық айлық аясында «Сарайшық»
ауданында 4000 ағаш отырғызу жоспарлануда.
Жыл соңына дейін ауданымызда 10 мыңнан астам ағаш жəне 20 мың бұта отырғызылатын болады.
Астана күннен күнге көркейіп, жасыл қалаға айналуда. Және де бүгінгі іс-шарамыз экологияға қосқан үлкен үлесіміз болмақ, -деді Сарайшық ауданының әкімі Мақсат Саматұлы.
Шапағат Әбдір