Қоғам

Аcтанада медицина мен туризмді біріктіретін конференция өтеді

 13 -14 қазан күндері Астанада «Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі: инновациялар, қолжетімділік, жаһандану» атты халықаралық конференция мен көрме өтеді. Бұл іс-шара еліміздегі дәрілік саясат пен медициналық туризмді дамытудағы өзекті мәселелер мен болашақ мүмкіндіктері талқылаудың басты алаңы болады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара аясында екі конференция жоспарланған:

13 қазанда — «Қазақстан Республикасындағы медициналық туризмді дамыту: болашағы мен мүмкіндіктері»;
14 қазанда — «Қазақстанның денсаулық сақтау саласы: дәрі-дәрмектер мен инновациялық технологиялар».⏩

Конференцияны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Салидат Қаирбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы ұйымдастырады.
Медициналық туризм — Президенттің Жолдауында белгіленген стратегиялық міндеттерді іске асырудағы басты құралдардың бірі. Бұл саланы дамыту еліміздің халықаралық аренадағы беделін нығайтып қана қоймай, медициналық қызмет сапасын арттыруға және инвестиция тартуға да септігін тигізеді.

Конференция денсаулық сақтау саласындағы өзекті трендтер мен мәселелерді талқылау, ұлттық және халықаралық мамандармен тәжірибе алмасу, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және Қазақстанды сенімді әрі бәсекеге қабілетті медициналық туризм орталығы ретінде ілгерілету мақсатында диалог алаңын құруға бағытталған.

Сонымен қатар, шара барысында ерекше назар клиникалық тәжірибені елдің дәрі-дәрмек саясатына жаңа инновациялық технологияларды ендіру мәселелеріне аударылады.
Конференция аясында медициналық, фармацевтикалық және туристік салалардың жетістіктерін көрсетуге арналған арнайы көрме ұйымдастырылады.

Іс-шараға халықаралық ұйымдардың (ДДСҰ, UNWTO, GHTC және т.б.) өкілдері, өңірлік денсаулық сақтау басқармалары, жергілікті атқарушы органдар, жетекші медициналық орталықтар мен ұйымдар, фармацевтикалық өнеркәсіп компаниялары, медициналық жабдық өндірушілері және туристік-логистикалық агенттіктер қатысады деп күтілуде.

Бағдарлама шеңберінде трансшекаралық медициналық көмек, сапа стандарттары, сертификаттау, цифрландыру және телемедицина, медициналық туризмді дамыту, дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтарға қолжетімділік, денсаулық сақтау технологияларын бағалау, логистика, сақтандыру, сондай-ақ B2B және B2G кездесулер секілді маңызды мәселелер бойынша тақырыптық сессиялар өткізіледі.
🗺

Өтетін орны: Астана қаласы, «Тұңғыш Президент музейі» корпоративтік қоры (Ә.Бөкейхан көшесі, 1)

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button