Мәдениет

Салт-дәстүрім – саф мұрам

Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің аясында «Салт-дәстүрім – саф мұрам» концерт бағдарламасымен жаңа маусым шымылдығын ашты.

Өнер кешінің басты мақсаты – халқымыздың дүние­танымын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, наным-сенімін би тілі арқылы насихаттау және мәдениетіміздің бай мұрасын кеңінен таныту. Концертте халқымыздың философиясын бейнелейтін ұлттық билер, әлем халықтарының билері бір-бірімен сабақтаса отырып, мазмұнды кештің ажарын ашты.

– Концерт ақ батамен бас­талып, шашу шашылып, асық ойнап, беташар жасап, келін түсірген қойы­лым хал­қымыздың бай салт-дәс­түрін паш етті. Сондай-ақ әзіл-­қалжыңға толы «Богатая невеста», «Пироги» билері біздің көңілімізді көтеріп, қуаныш сыйлады. Театр әншілері Бауыржан Нұрым­бетовтің «Жеңеше-ай», Айсұлтан Басығараның «Қара жорға» әнін өте жоғары дең­гейде орындап шықты. Ал Батима Изенаева орындаған «Дударай» әні қос ғашықтың оқиғасын көз алдымызға әкелді, – дейді астаналық көрермен.

Шын мәнінде, «Наз» ­театрының шығармашылық ұжымы ұлттық мәдениеті­міздің байлығын насихаттап қана қоймай, түрлі халықтың биі арқылы достық пен ынтымақты дәріптеуде. Театр ғимараты қаладан алыста болса да, шын тілеулес көрер­мендердің залды лық толтыруы – өнерге деген құрметтің айқын көрінісі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button