Ел тынысы

Елімізде Жасанды интеллект министрлігі құрылды

Елімізде Жасанды интеллект министрлігі құрылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Президент жарлығымен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі екіге бөлінді.

Аталмыш ведомство Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болып қайта құрылды. Ал «инновациялық қызмет» басқа ведомствоға өтті. Нақтыласақ, бұл функция Саясат Нұрбектің басқаруындағы Ғылым және жоғары білім министрлігіне берілді.

Енді ведомствоға бағынысты ұйымдардың штат саны қайта бөлінеді. Жарлықтың орындалуын Президент Әкімшілігі бақылайды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button