Қоғам

Мектеп пен отбасы — бір мақсат, ортақ тәрбие

Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «Мектеп пен отбасы – бір мақсат, ортақ тәрбие» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жиналыстың басты мақсаты – бала тәрбиесінде ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты арттыру, ортақ құндылықтарды қалыптастыру болды.

Жиналысқа арнайы қонақ ретінде психолог, Ырыскелді қажы мешітінің имамы Нұрлан Байжігітұлы ата-аналарға отбасы тәрбиесіндегі жауапкершілік, имандылық пен адамгершілік құндылықтары жайлы тағылымды ойларымен бөліссе, қалалық Әкелер кеңесінің төрағасы Бекдайыр Нығметұлы отбасындағы әкенің рөлі туралы әңгіме қозғады. Аталған жиналыс ата-аналарға өзекті мәселелерді талқылап, бала болашағы үшін ортақ шешім қабылдауға мүмкіндік берді.

Мектеп пен отбасының ынтымағы – ұрпақ тәрбиесіндегі ең басты кепіл.

Жұлдыз Найманбаева,

№40 мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button