Мәслихат

Қала бюджетіндегі өзгерістер қаралды

Кеше Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысында елорданың 2025 жылға арналған бюджетіне енгізілген өзгерістер қаралды. Тиісті өзгерістермен қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айжан Түгелбаева таныстырды.

Оның айтуынша, аталмыш өзге­ріс­тер Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмаларға, елорданың әрі қарайғы әлеуметтік-экономикалық дамуына және басымдық берілген жобаларды іске асыруға сәйкес енгізілді.

Баяндамашы өз сөзінде қазір Астананың экономикалық дамуында оң нәтижелер байқалып жатқанын, соған байланысты жеке табыс бойынша жоспардың ұлғаю мүмкіндігін атап өтті. Қала басқармаларына қандай жұмыстарға қосымша                    қаржы бөлінетіні жөнінде айтты.

Әлеуметтік төлем алатын санаттардағы азаматтар елордада көбейіп отыр. Сол себептен Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қосымша қаржы бөлінді. Бұл қаражат біржолғы төлемге, мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдауға, әлеуметтік бейімдеуге, бірнеше орталықты, соның ішінде тұрмыстық көші-қон орталығын ашуға, медициналық мақсаттарға бағытталады.

Білім басқармасына «Жайлы мектептердегі» жұмыстарға жан басына шаққанда қаржыландыруға, оқулықтарды сатып алуға, мектепалды тәрбиеге, капиталдық шығындарға қосымша қаржы қарастырылды. Дене шынықтыру және спорт саласының дамуына, мәдениет саласына музыка және театр өнерлерін қолдауға, маңызды іс-шараларды өткізуге, тарихи-мәдени нысандарды сақтау­ға қосымша қаржы бөлінеді. Биыл елордада 3 жаңа кітапхана ашылды. Олардың қажеттіліктері де бюджетте ескерілді.

Сондай-ақ қосымша қаржы Дін істері басқармасына, Ішкі саясат басқармасына, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаға, Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына, елорда әкімдігіне қарасты басқа да мекемелерге маңызды жұмыстарға қосымша қаржы қарас­тырылды. Оның арасында инженерлік инфрақұрылым жұмыстары, құрылысқа қатысты істер, коммуналдық желілерді, жолдарды салу мен жөндеу, т.б. жұмыстар бар.

Аманғали Қалжанов 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button