Қала мен сала

LRT тиімді көлікке айналады

Елордада іске қосылған LRT жүйесі қаладағы көлік ағынына оң әсер ете бастады. Қазір жеңіл рельсті көлікпен жүрушілер саны артып отыр. Күніне 60-70 мың адам LRT қызметін пайдаланады.

«Биыл LRT-ның екінші кезеңін Қосшы қаласына дейін создық. Егер осы қарқын сақталса, келесі жылдың соңына қарай Қосшыға дейін толық жеткіземіз. Қосшыдан күн сайын 20-25 мыңнан астам көлік қалаға кіреді. Сонымен қатар LRT-ны Сығанақ көшесімен Ш.Айтматов көшесіне дейін жеткіземіз. Ш.Айтматов көшесі бойымен екі бағытта жалғасады. Сондай-ақ Тұран даңғылы арқылы бұрылып, ескі вокзалға дейін барады. Жалпы үш кезең толық іске асса, LRT ұзындығы 100 шақырымға жетеді» деді Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Jibek joly телеарнасына берген сұхбатында.

LRT жүйесі тұрғындардың көңілінен шығып, қоғамдық жолаушылар тасымалына айтарлықтай әсер етіп отыр.

Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, өткен жексенбіде оны 100 мыңға жуық адам пайдаланған. Күн сайын 60-70 мың адам қатынайды. Негізгі жүктеме таңертең сағат 6:00-9:00 аралығында, түскі 12:00-14:00 және кешкі уақытта байқалады. Болашақта қоғамдағы негізгі көлік түрлерінің біріне айналуы мүмкін LRT жүйесі жақсы жұмыс істеп тұр. Оның айтуынша, LRT іске қосылғаннан кейін қаладағы көлік ағынына да әсері байқалған. Қабанбай батыр даңғылында 3-4 күн ішінде көлік саны 12 пайызға дейін азайған. Әкім сондай-ақ жобаны кезең-кезеңімен кеңейту жоспарланғанын атап өтті.

– Биыл LRT-ның екінші кезеңін Қосшы қаласына дейін создық. Егер осы қарқын сақталса, келесі жылдың соңына қарай Қосшыға дейін толық жеткіземіз. Қосшыдан күн сайын 20-25 мыңнан астам көлік қалаға кіреді. Сонымен қатар LRT-ны Сығанақ көшесімен Ш.Айтматов көшесіне де­йін жеткіземіз. Ш.Айтматов көшесі бойымен екі бағытта жалғасады. Сондай-ақ Тұран даңғылы арқылы бұрылып, ескі вокзалға дейін барады. Жалпы үш кезең толық іске асса, LRT ұзындығы 100 шақырымға жетеді, – деді әкім.

– Қазір автобустармен күніне 1,2 млн адам қатынайды. 1,5 жыл бұрын бұл көрсеткіш 800 мың болатын, яғни 400 мыңға артты. Авто­бустар санын көбейттік, жаңарттық, Bus Lane жүйесін енгіздік. Қазіргі жылдамдық бұрынғыдан 5-6 км/сағ жоғары. Кейбір маршруттарда автобуспен үйден жұмысқа бару машинадан жылдамырақ, – деді Жеңіс Қасымбек.

Бас қалада кептелісті азайтуға бағытталған жол картасы іске асып жатыр.

– Өткен жылы мемлекеттік органдардың жұмыс уақытын өзгерттік. Мысалы, әкімшілік және коммуналдық мекемелер өз жұмысын 7:00-7:30-да бастайды, ал министрліктер 8:00-де жұмысқа кіріседі. Соның нәтижесінде таңғы 7:00-10:00 аралығында көліктер саны шамамен 10 пайызға азайды. Бұл бізге алдағы бір-екі жылға қосымша мүмкіндік беріп отыр, – деді әкім.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button