Қоғам

Астанада Қызылорда мен Ақтөбе облыстарының ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Астанада 13-14 қыркүйек күндері кезекті аймақтық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл жолы Қызылорда және Ақтөбе облыстарының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жәрмеңкеде аталған өңірлердің шаруалары ет, балық, сүт, бақша өнімдері, бакалея, көкөніс пен жеміс-жидек сынды түрлі тауарды ұсынады. Барлық өнім тікелей фермерлерден жеткізіледі. Бұл – азық-түліктің қолжетімді болуына әрі отандық өндірушілерді қолдауға мүмкіндік береді.

Астанаға 650 тоннадан астам өнім әкелінеді. Оның ішінде 210 тонна бақша дақылдары, 200 тонна бакалея өнімдері, 90 тонна ет пен ет өнімдері, 60 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 24 мың дана жұмыртқа, 22 тонна балық, 17 тонна сүт өнімдері, шамамен 30 тонна өзге де азық-түлік бар.

Сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтары өңірлік шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасын тамашалай алады. Жәрмеңке сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Айта кетейік, биылғы жәрмеңке «Қазанат» ипподромы автотұрағы аумағында (Қарқаралы тас жолы, 1) өтіп жатыр. Іс-шараға қатысушылардың ыңғайлығы үшін №18, №37 және №303 автобустар қатынайды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button