Қоғам

БАҚ өкілдеріне арналған үш айлық курс өтеді

2025 жылғы 24 қыркүйектен 19 қарашаға дейін баспасөз хатшылары мен БАҚ өкілдері үшін «Салалық журналистика мен медиакоммуникациядағы жаңа тәсілдер» атты үш айлық курс өткізу жоспарланған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.  

Семинар екі модуль бойынша өтеді:

— Баспасөз хатшылары үшін – о.ж. 24 қыркүйегі мен 1, 8 қазан күндері. Онда ұйымдар мен БАҚ арасындағы коммуникациялар, баспасөз қызметінің жұмысындағы жасанды интеллект, дағдарыс жағдайындағы коммуникациялық стратегиялар, баспасөз хатшысының психологиялық аспектілері, сот жүйесінің коммуникациясы мәселелері талқыланады.
— Журналистер үшін – о.ж. 15, 22, 29 қазаны, 5, 12, 19 қарашасы күндері. Бұл модуль салалық тақырыптарды көтеру ерекшеліктеріне, салалық журналистиканың қазіргі заманғы үрдістері мен сын-қатерлеріне, салалық материалдарды дайындау кезіндегі деректерді талдау мен фактчекингке, сторителлинг негіздеріне және т.б. байланысты мәселелерді түсіндіруге бағытталған.

​Курс Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Халықтың медиасауаттылығын дамытудың және медиасаласы мамандарының біліктілігін арттырудың 2025 жылға арналған жоспары шеңберінде іске асырылады.

​Өтетін орны: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4, Қазмедиа орталығы, 21 қабат.

​Баспасөз және БАҚ өкілдерін сілтеме бойынша тіркеліп, іс-шараға қатысуға шақырамыз: https://forms.gle/kTLiKzKc8pWBx3faA

Барлық сұрақ бойынша +7 7172 740186 байланыс телефондарына хабарласуға болады

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button