Қоғам

Жастар арасында зияткерлік сайыс өтті

Астанадағы MEGA Silk Way сауда және ойын-сауық орталығында Қазақстан халқы тілдері күні мен Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай жастар арасында зияткерлік сайыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Командалық форматта өткен байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайтуға үлес қосу, жастардың тілге деген құрметін арттыру.

Сайыс төрт бөлімнен тұрды. Қатысушылар мақал-мәтелдерді жалғастыру, жаңылтпаштарды мүдірмей айту, ән мәтіндерін табу, сондай-ақ берілген сөздердің мағынасын ашу сынды түрлі тапсырмалар арқылы өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жастар арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге зор үлес қосады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button