Елордада қазақ тілінен тегін курс басталады

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Руханият» мекемесі қазақ тілінен тегін курсқа шақырады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Өтініштер 2025 жылдың 4- 20 тамыз аралығында қабылданады.
Курс 2 қыркүйектен басталады.
Курс келесі мекен жайлар бойынша өтеді:
1. Астана қ., Шұбар ауданы, Балауса 11, Жазушылар үйі
2. Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 9, «Руханият» КММ;
3. Астана қ., Ш. Құдайбердіұлы к-сі, 25/3 үй, 5-балалар кітапханасы және Астана қаласының ОКЖ Орталық балалар-жасөспірімдер кітапханасы;
4. Астана қ., Бөгенбай батыр даңғ., 52. Орталық балалар-жасөспірімдер кітапханасы;
5. Астана қ., Р.Қошқарбаев 50
6. Астана қ., Ш.Қосшығұлұлы 8/2
Өтініштерді қабылдау Бейбітшілік к-сі, 9, 209 кабинетте өтеді.
Байланыс телефоны: 8 7172 24 90 52, 8 747 248 82 20