Ел тынысы

Бүйрек обыры туралы хабардарлықты арттыру апталығы өтуде

Қазақстанда 11-15 тамыз аралығында бүйрек обыры туралы хабардарлықты арттыру апталығы өтуде. Апта шеңберінде медициналық мекемелерде білім беру және ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Ал қыркүйек айында 22-31 күндері Қазақстанның барлық онкологиялық мекемелері мен емханаларында Ашық есік күндері өтеді. Нақты күндер туралы ақпаратты онкология орталықтарының ресми сайттары мен әлеуметтік желілерінен табуға болады.📈

Апта шеңберінде ҚазОРҒЗИ мамандары еліміздің сегіз өңірінде лапароскопиялық ағзаны сақтау хирургиясы бойынша мастер-кластарды, дәрігерлерге арналған оқыту семинарларын, пациенттерге арналған консультацияларды, сондай-ақ аурудың профилактикасы және емдеу мәселелері бойынша халықпен кездесулер өткізді. Әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы онкология орталықтары бүйрек обыры және оның профилактикасы туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған 60-қа жуық ағарту материалдарын орналастырды.

Бүйрек обыры – онкологиялық аурулардың сирек кездесетін, бірақ ауыр түрі. ҚазОРҒЗИ деректері бойынша, 2024 жылы Қазақстанда сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 7,6-ды құрады. Онкологиялық аурулардың құрылымында бүйрек обыры сегізінші орында. 2025 жылдың 7 айында диагноз алғаш рет 1009 пациентке қойылды.📊

Еліміздің онкология орталықтарында ТМККК шеңберінде жыл сайын бүйрек онкопатологиясы бар екі мыңнан астам пациент зерттеліп-қаралады және ем алады, олардың 500-ден астамы хирургиялық араласудан өтеді. Күрделі жағдайлар Қазақ онкология институтында емделеді, онда жоғары дәлдіктегі диагностикалық зерттеулердің барлық түрлері, ағза сақтайтын және роботтандырылған операциялар, дәрілік, таргеттік және иммунотерапия халықаралық стандарттар бойынша жүргізіледі.

«Ауруды ерте кезеңде анықтау сәтті емдеу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады. Ол үшін барлық онкология орталықтары мен көпбейінді клиникаларда қолжетімді ультрадыбыстық, компьютерлік томография және зертханалық зерттеулер қолданылады. Диагноз қойылғаннан кейін иммуногистохимиялық және молекулалық-генетикалық тестілеу жүргізіледі, оның нәтижелері емдеу тәсілі мен болжамын айқындайды», – деп атап өтті Қазақ онкология институтының хирургі, онкоуролог дәрігер Хусан Тәліпбайұлы.
💬

Оның айтуынша, бүйрек обырының қауіп факторларына темекі шегу, семіздік, артериялық гипертензия, патологияның тұқым қуалайтын түрлері және созылмалы бүйрек аурулары жатады. Ол саламатты өмір салтын ұстануды, теңдестірілген тамақтануды, физикалық белсенділікті сақтауды, салмақты бақылауды, ал – несептегі қан, бел ауруы, күрт салмақ жоғалту сияқты симптомдар пайда болған кезде дереу дәрігерге қаралуды ұсынады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button