Ел тынысы

Спорт күні қалай өтеді?

Қазақстанда жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күні атап өтіледі. Биыл мереке аясында еліміздің барлық өңірінде 150-ге жуық спорттық іс-шара ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Биыл алғаш рет ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен екі ірі республикалық жоба жүзеге асады. Атап айтқанда, 10-15 тамыз күндері елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде өңірлік дене шынықтыру және спорт мекемелері қызметкерлері арасындағы республикалық, ал 15-18 тамызда Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде «Спорт ардагерлерінің бірінші форумы» және спорт ардагерлері арасындағы жарыс ұйымдастырылады.

Сондай-ақ ауқымды іс-шаралар легі еліміздің барлық аймағында өтеді. Мәселен, елордада зейнеткерлер арасында үстел теннисі мен шахматтан жарыстар, Алматыда пара үстел теннисінен қалалық турнир, жас спортшылар үшін грек-рим күресінен ашық турнир, дзюдо, қазақ күресі және асық атудан қалалық чемпионат жоспарланған. Орталық стадионда Спорт күніне орай каратэ шеберлерінің көрсетілімдері өтеді.

Шымкенттегі «Металлург» спорт мектебінің базасында қаладағы спорт ұйымдары қызметкерлері арасында жарыстар, ал әл-Фараби ауданында ләңгі тебу, асық ату, секіртпемен секіру және допты нысанаға лақтырудан чемпионат ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, Абай облысында жастар арасында асық атудан, футбол және дзюдодан облыстық біріншілік, БҚО-да балалар мен жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан қалалық турнир және Жаңа қала ауданының спортшыларын марапаттау рәсімі өтеді. Сондай-ақ облыста Спорт күніне орай мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дене шынықтыру және сауықтыру кешені ашылады. Қарағандыда қалалар арасындағы облыстық жазғы «Арай» спартакиадасы, Павлодарда садақ атудан және стритболдан жастар арасындағы жарыс, Шығыс Қазақстан облысында XXIII халық спорты ойындары, Ұлытауда Жезқазған қаласының спортшыларын марапаттау рәсімі, ал Жетісу облысында жасөспірімдер арасында баскетбол, волейбол және футболдан жарыстар жоспарланған.

Сонымен қатар Атырау облысының Жаңа Талап ауылында жаңа спорт кешенінің ашылуы, «Мүгедектердің спорттық клубы» КМҚК-ның салтанатты іс-шарасы, Ақтөбедегі № 3 облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде, сондай-ақ футбол және су спорты мектептерінде ашық есік күні өтеді. Түркістан облысында Кентау қаласының 70 жылдығына орай шахматтан республикалық турнир ұйымдастырылады. Ал Ақмола және Жамбыл облыстарының барлық ауданында жастар мен жасөспірімдерге, аудан тұрғындарына арналған бірқатар спорттық іс-шара өтеді.

Қызылорда қаласындағы “Өнер” орталығында ауқымды мерекелік іс-шара өтеді. Онда спорттың дамуына үлес қосқан ардагерлер, сала қызметкерлері, жаттықтырушылар мен спортшылар марапатталып, әр түрлі спорт түрлерінен шеберлік қойылымдар көрсетіледі.

Сондай-ақ, шараның басты қонақтары, Олимпиада чемпиондары қатысады деп жоспарлануда. Оларға сахна төрінде қазақтың дәстүріне сай құрмет көрсетіледі деп жоспарлануда.

Ерекше атап өтерлігі, биыл Спорт күні аясында спорт ардагерлеріне айрықша көңіл бөлініп отыр. Елордадағы ардагерлер форумынан бөлек, өңірлерде де бірқатар жарыстар өтпек. Атап айтқанда, Алматыда ардагерлер және қала тұрғындары арасында тоғызқұмалақтан турнир, Павлодарда ардагерлер арасында веложарыс ұйымдастырылады. БҚО мен Атырауда ардагер спортшылармен кездесу, ал Жамбыл облысы мен Түркістанда спорт ардагерлерін марапаттау және кәсіби мерекемен құттықтау рәсімдері өтеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button