Ел тынысы

Бас прокуратура 7 айлық жұмысын қорытындылады

Прокурорлар заңдылықты нығайту, «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету және қоғамда заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру шараларын жалғастыруда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Үйлестіру шаралары арқылы қылмыстық ахуалды жақсарту міндеттері жедел шешілді. Қылмыстық құқық бұзушылық деңгейі төмендеді (82573-тен 76512-ге дейін).

Қоғамдық орындар (23121-ден 21269-ға дейін) мен көшелерде (11035-тен 10272-ге дейін) құқықтық тәртіп жақсарды.

Алайда  интернет-алаяқтық пен есірткі қылмысы мәселесі өзекті күйінде қалып отыр.

Осы санаттағы қылмыстардың жолын кесу, анықтау және ашу бойынша мүдделі органдармен бірлесіп ауқымды және жүйелі іс-шаралар жүргізілуде.

Мәселен, алаяқтыққа қарсы күрес шеңберінде 61 кибертоп әшкереленіп, 217 «дроппер» қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Интернеттегі есірткінің заңсыз айналымы инфрақұрылымын тұрақсыздандыру мақсатында 88 мың есірткі дүкенінің шоттары бұғатталды.

Қылмыстық ортаға 2547 адамды негізсіз тартуға жол берілмеді. Азаптау фактілері үш есеге қысқарды (-67%, 152-ден 50-ге дейін). 81 сотталған адамның жағдайы жақсарды.

Тергеу органдарының 12 мыңнан астам заңсыз шешімінің күші жойылды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button