Білім

Жаңа оқу жылында елімізде 83 мектеп ашылады

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында елімізде мектеп инфрақұрылымын жүйелі түрде жаңғырту және кеңейту жұмыстары жалғасуда. Қазір өңірлерде 267 мың орынға арналған 232 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

2025–2026 оқу жылының басына дейін 115 мың орынға арналған 83 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Ал жыл соңына дейін тағы 140 мың орынға арналған 111 мектептің құрылысы аяқталады.

Мектеп құрылысымен қатар, биыл 190 мың оқушыны қамтитын 245 мектепте ауқымды реновация бағдарламасы іске асырылуда. Оның шамамен 60%-ы ауылдық жерлерде орналасқан. Жаңа оқу жылына дейін 99 мың оқушыны қамтитын 127 мектептегі жөндеу жұмыстары аяқталады.

«Білім беру инфрақұрылымын дамытудың басты  басымдығы – балалар үшін жайлы және қауіпсіз оқу ортасын құру. Бұл жұмыстардың уақытылы және сапалы орындалуы жергілікті жерлердегі жұмысқа тікелей байланысты. Осы бағыттағы жұмысты жандандырып, тиісті бақылауды қамтамасыз ету қажет – деді  министр.

Сонымен қатар 2025 жылы 69 мыңнан астам оқушысы бар 1000-нан астам ауыл мектебі жаңғыртылады, ал 680 мектепке шамамен 1100 заманауи пәндік кабинет сатып алынады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button