Ел тынысы
АЭС-ке атау беру бойынша байқау жариялау ұсынылды

Президент Үлкенде салынатын АЭС-ке атау беру бойынша байқау жариялауды ұсынды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
АЭС энергетика нысаны ғана емес, ғылыми-техникалық прогрестің жарқын символы болуға тиіс. Әзірге оның атауы жоқ. Бұл еліміздегі тұңғыш станса болғандықтан, халық арасында үздік атау жөнінде байқау жариялауға болады деп санаймын. Осы сайысқа қатысып, шығармашылық қарымдарыңызды көрсетуге шақырамын. Бәлкім, шешім қабылдаған кезде Сіздердің де ұсыныстарыңызға сүйенерміз, – деді Мемлекет басшысы.