Халық саны қалай өзгерді?

Қазақстан аумағындағы халық санының XIX ғасырдың соңынан бері қарай қалай өзгергені туралы Ұлттық статистика бюросының мәліметі жарияланды.
Ресей империясының 1897 жылғы алғашқы жалпыхалықтық санағының деректеріне сәйкес, кейінірек Қазақ АССР-інің құрамына енген жерлерде 4,3 миллион адам тұрған, олардың 3,5 миллионы қазақ болған.
Халық санының жылдар бойынша динамикасы мынадай: 1913 ж. – 5,5 млн; 1920 ж. – 5,4 млн; 1922 ж. – 5,3 млн; 1939 ж. – 6 млн; 1959 ж. – 9,2 млн; 1970 ж. – 13 млн; 1979 ж. – 14,6 млн; 1984 ж. – 15,6 млн.
«Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1991 жылы Қазақстан халқының саны 16,4 миллион адам болды. Алайда көші-қон үдерісіне байланысты 2000 жылы бұл көрсеткіш 14,9 миллионға дейін азайды. 2010 жылы халық саны қайтадан 16 миллион межесінен асып, 16,2 миллион адам болды.
2023 жылғы қарашада еліміздегі халық саны алғаш рет 20 миллионнан асты. Ал 2025 жылғы 1 маусымдағы соңғы деректерге сәйкес, Қазақстан халқының саны 20,3 миллион адамға жетті» делінген хабарламада