Ел тынысы

Астанада өзге этнос өкілдері арасында айтыс өтеді

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен және Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағының ұйымдастыруымен «Алтын шаңырақ» республикалық айтысы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Аталған мәдени іс-шара Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылып, ел бірлігі мен рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған.

Шара халқымыздың төл өнері – айтыс арқылы этностар арасындағы достықты, өзара сыйластық пен бірлікті нығайтуды, сондай-ақ мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуді мақсат етеді. Елімізде тұратын өзге этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді дамыту, қазақ халқының өнері мен ұлттық құндылықтарын насихаттау мақсатында өткізілмек.

Бұл жоба ұлттық мұраны дәріптеп қана қоймай, көпұлтты қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуға мүмкіндік береді.

Шара барысында еліміздің әр өңірінен келген өзге этнос өкілдері айтыс өнерінде бақ сынап, қазақ тілінде суырыпсалма өнердің үздік үлгісін көрсетеді.

Айтысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты,  Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы төрағасының бірінші орынбасары, ақын Аманжол Әлтай жүргізеді. Сонымен қатар, белгілі айтыскер ақындар Алтынгүл Қасымбекова, Иранғайып Күзенбаев, Әсем Ережеқызы, Мейірбек Сұлтанхан және Нұрлан Есенқұлов жетекші ретінде қатысып, өнер думанының мазмұнын байыта түседі.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button