Ел тынысы
Бір жасқа дейінгі балалардың 97% астамы БЦЖ вакцинасымен қамтылды

Қазақстанда туберкулездің алдын алу үшін БЦЖ вакцинациясы жүргізіледі. Вакцина балада аурудың ауыр түрінің алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас фтизиатры, ҚР ДСМ фтизиопульмонология Ұлттық ғылыми орталығының директоры Мәлік Аденов мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Оның деректері бойынша, Қазақстанда өткен жылдың басынан бері жаңа туған нәрестелердің 97%-дан астамы өмірінің бірінші жылында БЦЖ вакцинасын алған.
«Мен азаматтарды балаларды вакцинациялап, туберкулезден қорғауға шақырамын», — деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.