Ел тынысы

Қоғамдық кеңес мүшелерін онлайн-оқыту басталды

Мәдениет және ақпарат министрлігі Жаңадан сайланған Қоғамдық кеңес мүшелеріне арналған онлайн-семинарлар басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Оқытудың басты мақсаты – қоғамдық кеңестердің кәсіби біліктілігі мен институционалдық әлеуетін нығайту арқылы азаматтардың мемлекеттік саясатты әзірлеу және жүзеге асыру үдерісіне белсенді қатысуын қамтамасыз ететін маңызды тетік ретіндегі рөлін күшейту.🔘

Оқу бағдарламасы Қоғамдық кеңестер қызметінің негізгі бағыттары бойынша 11 тақырыптық онлайн-семинарды қамтиды: Қоғамдық кеңестер қызметінің құқықтық негіздері, қоғамдық бақылау жүргізу тәртібі, этика және жауапкершілік, мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимыл, жеке құзыреттіліктерді дамыту, азаматтардың өтініштерін сапалы қарастыру, жария коммуникация және үздік тәжірибемен алмасу.🔘

Семинарлар мемлекеттік басқару, құқық және азаматтық секторды дамыту саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.🔘

Өткізу форматы: онлайн.🔗

Қатысу: тегін, https://forms.gle/sEAskCNnFJ4zoAd66 сілтемесі бойынша алдын ала тіркелу арқылы.
Анықтама телефоны: +7 775 274 22 69, +7 /7172/ 74-04-32, 74-04-50.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button