Ел тынысы

Лондоннан олжалы оралды

Елордадағы «Акварель» студиясының оқушылары Лондонда өткен беделді Golden Time Talent Festival 2025 өнер фестивалінде бірінші орын иеленді.  Фестивальге Ұлыбритания, Германия, Қазақстан, Польша, Франция, Түркия, Италия, Украина, Литва, Грузия және өзге де 25-тен аса елден 150-ден астам қатысушы жиналды.

Іс-шара әйгілі екі алаңда – Triton Square және The Shaw Theatre сахналарында өтті. Онда шынайы өнер көрсетілімдері, концерттер мен марапаттау рәсімдері ұйымдастырылды. Фестиваль аясында бейнелеу өнері, музыка, би және театр өнері ұсынылды. Қатысушыларды 14 елден келген халық­аралық қазылар алқасы бағалады, ал көрермен қатарында білім, мәдениет және өнер саласының өкілдері болды.

Беделді байқауда елордалық «Акварель» студия­сының оқушылары Адият Жұмабай, Әмина Исламова, Димаш Өмірзақов, Жанар Меңдібаева және олардың тәлімгері, педагог Әлия Есілбаева бірінші орын иеленіп, британдық дипломдарға, жеңіс кубоктарына, алдағы халықаралық көрмелерге, эксклюзивті шақыртуларға, сондай-ақ Top World Talents каталогына енді.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button