Астанада «Мерейлі отбасы-2025» анықталды

«Мерейлі отбасы-2025» ұлттық байқауының Астана қаласы бойынша үздіктері анықталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Елорда күні мерекесі аясында Астанада «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының жеңімпаздары мен лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Астана қаласы «Есіл» ауданы бойынша елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Шерзод Пулатовтың әулеті үлгілі отбасы ретінде танылып, 1 орынға ие болды. Жүлдегерлерді лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Еске сала кетейік, «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының қорытынды марапаттау рәсіміне дайындық аясында елордада қалалық және аудандық комиссиялардың отырыстары өтті. Сол отырыстарда ең белсенді және үлгілі отбасылар іріктелді. Нәтижесінде Астананың жеңімпаздары, елорданың алты ауданының үздік отбасылары және түрлі аталымдар бойынша 12 лауреат анықталды.
«Мерейлі отбасы – 2025» байқауы – бұл тек жарыс қана емес, отбасы бірлігін, ұлттық дәстүрді ұлықтайтын рухани мереке. Ол қоғамға әрбір отбасының ерекше екенін көрсетіп, жас ұрпаққа өнеге боларлық үлгі ұсынады.