Елорда тынысы

Үздік журналистер марапатталды

Елордада Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай жарияланған байқаудың жеңімпаздары марапатталды.

Астана қаласының Коммуникациялар қызметі қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырған байқау елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуын, қоғамдық өмірін кеңінен насихаттап жүрген журналистер мен медиасала мамандарын қолдауға бағытталған.

Марапаттау рәсімі 4 шілде күні сағат 15:00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның ғимаратында өтті.

Конкурсқа газет, телерадио, интернет-портал тілшілерімен қатар, әлеуметтік желі белсенділері де қатысты. Байқау аясында 7 номинация бойынша үздіктер анықталды.

Атап айтқанда: – «Үздік журналист-сарапшы» – 1-орын – Алина Шашкина (Tengrinews.kz), 2-орын – Айгүл Уайс («Астана ақшамы»), 3-орын – Бахитшат Супиев (Республикалық «Ұйғыр авази» газеті); – «Үздік шолушы» – 1-орын – Қуаныш Нұрданбекұлы (Egemen.kz), 2-орын – Болатбек Төлепберген (dalanews), 3-орын – Айгерім Түкешева (kz.kursiv.media); – «Үздік радиорепортаж» – 1-орын – Азамат Тілепов («Қазақ радиосы»), 2-орын – Алина Грэй («Жібек Жолы» радиосы), 3-орын – Бағдагүл Рахметқызы («Қазақ радиосы»); – «Үздік телесюжет» – 1-орын – Ақниет Балтанова («Qazaqstan» телеарнасы), 2-орын – Ержан Өтепқалиев («Atameken Business»), 3-орын – Әли Әлішер (24 KZ); – «Үздік мобилограф» – 1-орын – Ербол Теңелбаев; 2-орын – Мағжан Тоқтыбай; – «Үздік фоторепортаж» – 1-орын – Ольга Ибраева (belles media), 2-орын – Толқын Сұлтан («JAS TEEN» балалар мен жасөспірімдер арнасы), 3-орын – Екатерина Елисеева (Zakon.kz)

«Жұмысшы мамандықтар жылы» арнайы номинациясы – 1-орын – Лаура Түсіпбекова («Казахстанская правда»), 2-орын – Әлімжан Исабай, 3-орын – Сабина Кәкімжан (Elordainfo.kz), 3-орын – Құралай Мұратова («Вечерняя Астана»).

Номинациялар бойынша жеңімпаздарды саланың беделді өкілдері, медиа сарапшылар мен тәжірибелі журналистерден құралған байқау комиссиясы анықтады.

Байқау жеңімпаздарына сертификаттар табысталады. Бірінші орын иегеріне – 1 000 000 теңге, екінші орын иегеріне – 700 000 теңге, ал үшінші орын иегеріне 500 000 теңге жүлде қоры тағайындалған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button