Ел тынысы

Атырауда газ өңдеу зауыты құрылысының барысы талқыланды

Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауовтың төрағалығымен жылдық қуаты 1 миллиард текше метр газ өндіретін газ өңдеу зауыты құрылысының барысы бойынша жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы орындалу көрсеткіші шамамен 16,66%-ды құрайды. Жоба алаңында 1900-ге жуық жұмысшы және 360 арнайы техника жұмылдырылған. Қазіргі уақытта іргетас бетондау жұмыстарының 63%-дан астамы аяқталып, металл конструкциялар мен жабдықтарды орнату, сондай-ақ жерасты құбырларын төсеу жұмыстары жүргізілуде.✔️

Кеңес барысында жобаның бекітілген кестеге сай жүзеге асырылып жатқаны атап өтілді. Зауытты пайдалануға беру 2026 жылдың соңына жоспарланған. Әлібек Жамауов құрылыс жұмыстарының жекелеген кезеңдерін жеделдету үшін қосымша шаралар қабылданғанын айтты.

«Бұл жобаның іске асырылуы стратегиялық маңызға ие. Жаңа зауыт қосымша көлемде тауарлық және сұйытылған газ өндіруге мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, ішкі нарық пен халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін аса маңызды. Сонымен қатар, кәсіпорын жергілікті тұрғындар үшін тұрақты жұмыс орындарын ашатын болады», — деп атап өтті ҚР Энергетика вице-министрі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button